Ақтөбе облысында қызмет бабында қаза тапқан полиция қызметкерінің құрметіне «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысы білім басқармасының Қобда ауданы білім бөліміне қарасты “Бесқұдық орта мектебі” КММ қызмет бабында қайтыс болған полиция лейтенанты Косжанов Амангелді Қиниятұлының атына арналған «Жас сақшы» полиция сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Аталған полиция сыныбына мектептің 7-сынып оқушыларынан құралған 14 оқушы қабылданды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Күзет қызметін бақылау комитетінің Ақтөбе облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері, ішкі істер органдарының ардагерлері, мектеп әкімшілігі, оқушылар, ата-аналар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Салтанатты шара барысында қатысушылар полиция қызметкерінің ерлігі мен адал қызмет жолын еске алып, жас ұрпақты отансүйгіштікке, тәртіпке және елге қызмет етуге тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, оқушыларға полиция қызметінің ерекшеліктері түсіндіріліп, құқық қорғау саласына қызығушылық танытқан жасөспірімдерге қолдау көрсетілетіні жеткізілді.

«Жас сақшы» полиция сыныбы жас буынның азаматтық жауапкершілігін арттыруға, патриоттық тәрбиені нығайтуға және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kkod-mvd/press/news/details/1226678?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді