
Астана қаласында «Астана қаласы пробация қызметінің кубогы» атты пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында Есіл аудандық Пробация қызметі және Есіл аудынының прокуратурасымен бірлесіп, Астана қаласы Есіл ауданы әкімдігінің қолдауымен футбол турнирі ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандарды салауатты өмір салтына баулу, әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету, сондай-ақ спорт пен командалық бірлікті насихаттау. Жарысқа жалпы 6 команда қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша:
І орынды пробация қызметінің есебінде тұрған Сарайшық ауданының сотталғандары иеленді;
ІІ орынды пробация қызметінің есебінде тұрған Байқоңыр ауданының сотталғандары иеленді;
ІІІ орынды пробация қызметінің есебінде тұрған Сарыарқа ауданының сотталғандары иеленді.
Сонымен қатар жарыс қорытындысы бойынша келесі номинациялар бойынша үздіктер анықталды:
«Үздік бомбардир»;
«Матчтың үздік ойыншысы»;
«Үздік қорғаушы»;
«Үздік қақпашы».
Жеңімпаздар мен қатысушыларға кубоктар, медальдар және естелік сыйлықтар табысталды.
Осындай іс-шаралар сотталғандарды әлеуметтік қолдауға, олардың заңға бағынған өмір салтын ұстануына ынталандыруға және оң өмірлік құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisastana/press/news/details/1226111?lang=ru

Жауап қалдыру