АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ ШӘУІЛДІР АУЫЛ ОКРУГІНДЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Шәуілдір ауыл округінің тұрғындарымен кездесіп, 2025 жылы атқарылған жұмыстар мен 2026 жылға жоспарланған жобалар туралы баяндады.
Кездесу барысында аудан басшысы ауыл округінде инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік қолдау, абаттандыру және кәсіпкерлік салаларында ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті.
2025 жылы Шәуілдір ауыл округінде 6 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бірқатар көшелерге тас төселді. Сонымен қатар, 9 көше аудандық бюджет есебінен жарықтандырылып, ауыл округі бюджеті арқылы тағы 5 көшеге жарық жүйесі орнатылды.
Абаттандыру бағытында Жібек жолы даңғылы бойына гүл көшеттері егіліп, бірнеше балалар ойын алаңшалары салынып, Арбат демалыс аймағы пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Ардагерлер саябағына заманауи талапқа сай әжетхана мен дәрет алу орны салынды.
Ауыл тұрғындарын табиғи газбен қамту жұмыстары да кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Қазіргі таңда 1496 тұрғын үйдің 1284-і табиғи газға қосылған.
Кездесу барысында әлеуметтік қолдау шаралары да кеңінен сөз болды. 2025 жылы аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, әлеуметтік мәні бар аурулар санатындағы азаматтарға қаржылай қолдау берілген.
Кәсіпкерлік саласында жаңа нысандар ашылып, ауыл тұрғындарына қызмет көрсету сапасы артқан. Атап айтқанда, жаңа мейрамхана, дәмханалар, дәріхана және сауда орындары іске қосылды.
Аудан әкімі ауылдың санитарлық тазалығы мен көгалдандыру жұмыстарына ерекше тоқталып, 2025 жылы 3500 түп ағаш көшеті егілгенін жеткізді. Сонымен қатар, балалар ойын алаңшалары мен көпқабатты тұрғын үйлер аумағын абаттандыру бағытындағы жұмыстар жалғасатынын айтты.
2026 жылға жоспарланған жұмыстар қатарында бірнеше көшеге күрделі жөндеу жүргізу, жаңа жарықтандыру желілерін орнату, балалар ойын алаңшаларын салу және ішкі көшелерге тас төсеу жобалары бар.
Кездесу соңында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер мен ұсыныстар тыңдалып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-qogam/press/news/details/1226636?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді