
»ЗАПКАЗПРОМСТРОЙ» ЖШС мердігер компаниясы Ойыл–Қараой автомобиль жолының 15–30 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда жолдың негізін нығайту және асфальт жамылғысын төсеу жұмыстары қарқынды түрде атқарылып жатыр. Жөндеу жұмыстарының негізгі мақсаты – жол сапасын жақсартып, көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен тұрғындардың қатынау қолайлылығын арттыру.
🔹️Бүгінде нысанда 22 арнайы техника мен 30 жұмысшы жұмылдырылған. Мамандардың айтуынша, жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде. Жөндеу аяқталғаннан кейін бұл бағыттағы жолдың жағдайы едәуір жақсарып, тұрғындар үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз қозғалыс қамтамасыз етіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1226355?lang=ru

Жауап қалдыру