БӘЙДІБЕК: АУДАНДА ТАҒЫ БІР ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
✔️ Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылдық округіне қарасты Алмалы елді мекеніне табиғи газ берілді.
 
🔹Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрпеис Ақбаев тұрғындардың қуанышын бөлісіп, ізгі тілегін білдірді. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясатының жарқын көрінісі екенін атап өтті.
 
🔹Салтанатты шараға аудан әкімдігінің өкілдері, ауыл ақсақалдары, жергілікті тұрғындар, жобаны жүзеге асырған мердігер мекеме өкілдері және «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өңірлік филиалының мамандары қатысып, тұрғындарды құттықтады.
 
🔹Жобаны жүзеге асырған «KazBulidCo» ЖШС-гі мердігер мекемесі. Газ құбырының ұзындығы: – 9,02 шақырым, нәтижесінде аудандағы жалпы 50 елді мекеннің 41 елді мекені (82%), 48 221 халықтың 44 486-сы (92,3%) табиғи газбен қамтылды.
 
Оған қоса, ағымдағы жылы 6 елді мекеннің (Қаратас, Тұрақты,Қошқарата, Кеңсай, Ақтас, Шұқыршақ) газдандыру құрылысы жүргізілуде.
 
💯Бұл жобалар толық іске асқан жағдайда, Бәйдібек ауданы 100 пайыз табиғи газбен қамтылатын болады.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/1226056?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді