
🔹«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында 2026 жылдың 20 мамырында құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Мадина Ниязбекова Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжі” КМҚК-нің 2-курс студенттері үшін «Тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбында дәріс өткізді.
🔸Дәріс барысында Департамент маманы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасындағы жауапкершілік шаралары туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1225955?lang=ru

Жауап қалдыру