Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің назарына!
2026 жылдың 01-15 маусым аралығында дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға конкурс өткізілетін болады.
Ұйымдастырушы: «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ;
Орналасқан жері: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40;
Өтінімдерді қабылдау мәні: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға конкурс өткізіледі.
Пошталық мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 070004, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40;
Байланыс телефоны: 8 (7232) 71-32-41, 71-32-65
Электрондық пошта мекен-жайы: msb713265@yandex.kz.
Өтінім беру орны: «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ, ШҚО, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі 40 немесе msb713265@yandex.kz электрондық поштасы арқылы;
Өтінім беру мерзімі: 2026 жылдың «01» маусымынан 2026 жылдың «15» маусымы қоса.
Өтінім берудің басталу күні: 2026 ж. «01» маусым.
Өтінім берудің аяқталу күні: 2026 ж. «15» маусым.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылдауға жатпайтынын атап өтеміз.
Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді немесе қағидалардың талаптарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда ұйымдастырушы ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha/press/news/details/1226423?lang=ru

Жауап қалдыру