
Департамент мамандары облыстық білім беру басқармасымен бірлесіп, жыл бойы және маусымдық жұмыс істейтін балаларды сауықтыру орталықтарының басшыларымен кездесу өткізді.
Өңірде алдағы жазғы маусымда 2 жыл бойы жұмыс істейтін және 9 маусымдық лагерьдің қызметі ұйымдастырылады.
Лицензиялау рәсіміне дайындық аясында, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын сапалы ұйымдастыру мақсатында барлық балаларды сауықтыру орталықтары білім беру бағдарламаларын әзірлеп, бекітті және оларды өздерінің ресми сайттарында орналастырды. Жиында орталықтардың қызметін бастау үшін барлық қажетті рұқсат құжаттарын алу мәселесі қаралды. Барлық басшыларға кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсетуге лицензия және лицензияға қосымша алудың өзекті мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/1226457?lang=ru

Жауап қалдыру