
Департамент қызметкерлері 2026 жылғы бірінші жартыжылдықта профилактикалық бақылау жүргізу жоспарына сәйкес Павлодар облысындағы білім беру ұйымдарына бару арқылы тексеру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, Железин ауданының «Еңбекші», «Озерный» және Ақтоғай ауданының «Шілікті» мектептерінде профилактикалық бақылау өткізілді.
Тексеру қорытындысы бойынша аталған үш білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаудан өтпеді. Сонымен қатар, анықталған кемшіліктерді жою бойынша білім беру ұйымдарына тиісті нұсқамалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/1226789?lang=ru

Жауап қалдыру