Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Қаркенов А.Б. 2026 жылғы 22 мамырда Егіндікөл аудандық мәслихатының кезекті сессиясының жұмысына қатысып, онда Егіндікөл ауданының 2025 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту мәселесі қаралды.
Егіндікөл аудандық мәслихатының сессиясында тиісті баяндамамен аудан әкімі Курушин Юрий Викторович сөз сөйледі.
Депутаттардың назарына Егіндікөл ауданының 2025 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есепке Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысы ұсынылды.
Қорытындыда аудан бюджетінің 2025 жылғы атқарылуындағы негізгі проблемалық мәселелер атап өтіліп, аудан бюджетінің кірістері мен шығыстарына талдау жасалды. Сонымен қатар, бюджетті орындау барысында орын алған кемшіліктер көрсетілді.
Аудан бюджетінің атқарылуын бағалау қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, бюджет жүйесінің қағидаттарын сақтау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар берді.
Жалпы, аудан бюджеті Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының ескертулері мен ұсынымдарын ескере отырып бекітілді.


Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akmol-revkom/press/news/details/1226821?lang=ru

Жауап қалдыру