
2026 жылғы 19 мамырда Қостанай бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары арасында «Құжаттарды ресімдеу тәртібі, құжаттарды дайындауға және ресімдеуге қойылатын талаптар және олардың деректемелері. Құжаттардың орындалуын бақылау және кіріс-шығыс құжаттарын өңдеу, құжаттарды тіркеу тәртібі. Бұйрықтарды дайындау және ресімдеу» тақырыбында құқықтық семинар-оқыту өткізілді. Семинар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары негізінде ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – құжаттарды дайындау және ресімдеу талаптарын, құжаттардың орындалуын бақылау, кіріс және шығыс құжаттарды өңдеу, сондай-ақ электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеу тәртібін түсіндіру болды. Семинар барысында спикер электрондық құжат айналымы жүйесінің мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасындағы құжаттармен қауіпсіз алмасуды қамтамасыз етудегі рөлін түсіндірді. Сонымен қатар, кіріс және шығыс хаттарды ресімдеу, олардың деректемелерін дұрыс көрсету және бұйрықтарды әзірлеу тәртібі жан-жақты қарастырылды. Семинар қорытындысы бойынша құжаттардың орындалуын бақылауды жетілдіру, кіріс және шығыс құжаттарды өңдеу мен тіркеу сапасын арттыруға бағытталған міндеттер айқындалды. Іс-шара соңында қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1226691?lang=ru

Жауап қалдыру