Кездесу барысында инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестор мен мемлекет арасындағы дауларды сотқа дейін реттеу тетіктері таныстырылды.
Тараптар инвестициялық жобалар бойынша ынтымақтастықты дамыту және Сингапур инвесторларына қолдау көрсету мәселелерін талқылады.
Бүгінде Сингапур – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азия өңіріндегі негізгі серіктестерінің бірі. 2025 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 954,4 млн АҚШ долларын құрады, ал Қазақстанда сингапурлық капиталдың қатысуымен шамамен 144 компания жұмыс істейді.
Кездесу соңында тараптар инвестициялық қызмет саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуды уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzpi/press/news/details/1226782?lang=ru

Жауап қалдыру