
Келес ауданында 18-21 мамыр күндері аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған шараның мақсаты – әкімшілік айыппұлдарды уақытылы төлемеген азаматтарды анықтау, олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу және заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылдау.
Іс-шара барысында құқық қорғау органдары мен жауапты мекемелер бірлесіп, берешегі бар азаматтардың қарыздарын өндіру жұмыстарын күшейтеді.
Осыған байланысты аудан тұрғындарына әкімшілік айыппұлдарының бар-жоғын тексеріп, берешектерін мерзімінде өтеу ұсынылады.
Айыппұлдарды уақытылы төлеу – қосымша шаралардың қолданылуына жол бермей, заң талаптарын сақтауға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1226864?lang=ru

Жауап қалдыру