
🔸«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 21 мамырында Қостанай облысында «AMANAT» партиясы облыстық филиалының Әділет департаментімен бірлескен көшпелі қабылдауы өтті.
🔹Іс-шараға өңірдің негізгі құқықтық құрылымдарының өкілдері қатысты. Қабылдауға Әділет департаментінің қызметкерлері, нотариустар, адвокаттар, сот орындаушылары және заң кеңесшілер қатысты.
🔸Тұрғындар мамандарға тікелей жүгініп, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, орнында кәсіби заңгерлік түсініктемелер алды. Мұндай формат құқықтық мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік беріп, халық үшін заң көмегінің қолжетімділігін арттырады.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1225962?lang=ru

Жауап қалдыру