Мектеп-гимназияда қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға бағытталған іс-шаралар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлттық еріктілер желісімен жасалған меморандум аясында эвакуациялау бойынша оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға еріктілердің мобильді топтары тартылып, олар оқушылардың сабырлы әрі қауіпсіз әрекет етуі үшін процесті ұйымдастыруға және тәртіпті сақтауға көмектесті. Сонымен қатар, шомылу маусымындағы мінез-құлық ережелеріне арналған қауіпсіздік сабағы өтті. Оқушылардың есіне су қоймаларындағы ережелер мен сақтық шаралары салынды. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өрт қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақ өткізді: олар өрт кезінде қалай әрекет ету керектігін айтып, алдын алу шараларының маңыздылығын атап өтті.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1226150?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді