
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 20 мамыр күні Байзақ ауданы, «Балдырған» бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Ойын мен зерттеу арқылы мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке бейімдеу» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Іс-шара барысында ойын және зерттеу әрекеттері арқылы балаларды мектепке психологиялық, әлеуметтік және танымдық тұрғыдан тиімді бейімдеу жолдары, ойындар мен зерттеу тапсырмаларының үлгілері жан-жақты көрсетіліп, мектепке даярлық барысында туындайтын қиындықтардың алдын алу бойынша тәжірибе алмасу жүрігізілді.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық мектепке дейінгі ұйым педагогтерінен 37 педагог қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bilim/press/news/details/1226070?lang=ru

Жауап қалдыру