
2026 жылғы 22 мамырда Меркі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында М. Көкрекбаевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс 59-сессиясы өтті. Отырыcқа аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы М. Өмірбек, тиісті бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібіне 3 мәселе шығарылды. Бірінші мәселе бойынша Меркі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №53-2 «Меркі ауданы ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу талқыланды. Қалған мәселелер аудан әкімдігі жанындағы комиссиялар мен консультативтік-кеңесші органдардың құрамдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты болды.
Сессия қорытындысы бойынша қаралған барлық мәселелер бойынша бірауыздан шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-merke/press/news/details/1226311?lang=ru

Жауап қалдыру