Мөңке би ауылдық округінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында жиналыс ұйымдастырылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жиында округ маманы К.Имангазина «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқықтық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасап, қоғамда ашықтық пен әділдікті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ кітапханашы Г.Нәменова «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу — қоғам алдындағы маңызды міндет» тақырыбында баяндама оқып, тұрғындарды заң талаптарын сақтауға және адалдық қағидаттарын ұстануға шақырды.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы бейнеролик көрсетіліп, талқыланды.

Жиналыс соңында тұрғындардың сұрақтарына жауаптар беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жиналысқа “Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Мөңке би ауылдық округі әкімінің аппараты” ММ, М.Тәжин атындағы ЖОББ мектебі, Мөңке би ауылдық ФАП, Мөңке би ауылдық өрт сөндіру бекеті, кітапхана, ауыл клубы, газ шаруашылығының қызметкерлері, қоғамдық жұмысшылар және ауыл тұрғындары қатысты.
Барлығы 42 адам

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-monkebi/press/news/details/1226669?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді