ОТЫРАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ АҚҚҰМ АУЫЛ ОКРУГІНДЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлының ауыл тұрғындарымен кездесуі Аққұм ауыл округінде қорытындыланды.
Кездесу барысында аудан басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым жүйелерін жаңғырту, ауыл шаруашылығы саласын қолдау, ауыз су, жол және ирригациялық жүйелерді жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Сонымен қатар, Аққұм ауыл округінде жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстар кеңінен айтылды. Атап айтқанда, ауыз су жүйесіне күрделі жөндеу жүргізу, көшелерді жөндеу, каналдарды бетондау, су үнемдеу технологияларын енгізу бағытындағы жобалардың маңыздылығы сөз болды.
Ауылда су үнемдеу технологияларын енгізу бағытында да ауқымды жобалар жүзеге асуда. «Жанбол LTD» ЖШС тарапынан тамшылатып суғару әдісімен 886 гектар жерге мақта дақылы егілсе, «Аққұм» ЖШС мен «Қазына-2030» ЖШС жаңбырлатып суғару қондырғыларын орнату жұмыстарын жүргізуде.
Инфрақұрылымды дамыту бағытында Аққұм ауыз су жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа ұңғымалар қазылған. Сондай-ақ, демеушілер есебінен «Жастар саябағының» құрылысы басталған.
Көшелерді жөндеу жұмыстары да кезең-кезеңімен іске асырылуда. Өткен жылдың есепті кезеңінде Ж.Омаров және И.Байдәулетов көшелеріне асфальт төселсе, биыл бірнеше көшеге асфальт және тас төсеу жоспарланған.
Кездесуде ауыл тұрғындары тарапынан ауылға кіреберіс автожолды кеңейту, ағын су мәселесі, интернет сапасын жақсарту және жаңа әкімшілік ғимаратын салу мәселелері көтерілді.
Аудан әкімі көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатынын айтып, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.
Кездесу соңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, қойылған сауалдарға заң аясында жауаптар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1226772?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді