Қазақстанға шетелдік инвесторлар мен мамандарды тартудың жаңа тәсілдері: «Алтын виза» және цифрлық резиденттік

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 сәуірде «Жоғары білікті мамандарды, шетелдік инвесторларды және кәсіпкерлерді тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында көші-қон саясатын жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» №1242 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (қабылданды.

Аталған Жарлық технологиялық және экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін жоғары білікті мамандарды, шетелдік инвесторларды және кәсіпкерлерді тарту бойынша қолайлы жағдайлар мен бәсекелестік режимін қалыптастыру мақсатында бірқатар тәсілдерді іске асыруды көздейді (сервистік мемлекетті қалыптастыру, «бір терезе» қағидатын кеңейту, әкімшілік процестердің тиімділігін арттыру, «Алтын виза» құралын енгізу және т.б.).

Қазақстанда сервистік тәсілге негізделген көші-қон ағындарын реттеудің жаңа әрі бәсекеге қабілетті моделі қалыптасады. Негізгі құралдардың бірі «Алтын виза» – шетелдік инвесторлар мен сұранысқа ие мамандар үшін бірқатар артықшылықтар ұсынады. Атап айтқанда:

– жеке табыс салығын, мүлік пен жер салығын төлеуден босату;

– кірістер мен мүлікті жалпыға бірдей декларациялаудан босату;

– мемлекеттік және қаржылық көрсетілетін қызметке Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде қол жеткізу;

– біліктілігіне сәйкес квотадан тыс және рұқсат алу қажеттілігінсіз еңбек және (немесе) кәсіптік қызметті жүзеге асыру;

– «Алтын виза» бойынша көзделген барлық артықшылықтарды оның иесінің отбасының барлық мүшелеріне қолдану бойынша артықшылықтар беріледі.

Жаңа реформа жобасы аясында цифрлық резидент құжатын енгізу және «е-Residenу» модулімен жабдықталған арнайы «QazETA» бірыңғай цифрлық платформасы енгізіліп, сондай-ақ шетелдік мамандар мен компанияларға «бір терезе» («One-Stop Shop») режимінде тіркеу, сәйкестендіру бойынша және ілеспе қызмет көрсету үшін оны «Astana Hub» және басқа да ақпараттық жүйелермен сервистік интеграциялау жоспарланған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-uzsp/press/news/details/1226675?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді