
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың, аудан прокуроры Руслан Абдраимовтың және аудандық сот төрағасы Дәулетияр Машраповтың төрағалығымен мемлекетке берешек қарыздарды өндіру мәселесіне арналған ведомствоаралық үйлестіру жиыны өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басышыс, құқық қорғау органдарының өкілдері, дербес бөлім басшылары, жауапты мекеме жетекшілері мен сот орындаушылары қатысты.
Күн тәртібінде 2 маңызды мәселе қаралды:
орындаушылардың өндірісіндегі берешек
қарыздар туралы.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қазығұрт ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қанат Төлендиев баяндама жасап, көлік салығы бойынша қалыптасқан берешектердің көлемі мен оны өндіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Ал екінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Сейдрахым Сайлауов баяндама жасап, сот орындаушыларының өндірісіндегі қарыздарды өндіру барысы жөнінде мәлімет берді.
Жиын барысында мемлекет алдындағы берешектерді уақытылы өндіру, жауапты мекемелер арасындағы өзара үйлестіру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ өндірістегі істердің орындалу тиімділігін арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды.
Жиын қорытындысында аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы жауапты сала басшыларына орын алған кемшіліктер бойынша нақты жұмыс жүргізіп, жүйелі жоспар құрып, тапсырмаларды жауапкершілікпен атқаруды тапсырды.
Сонымен қатар, аудан прокуроры Руслан Әлжанұлы Абдраимов «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен алимент өндіру бағытындағы мәселелерге тоқталып, сала мамандарына бірқатар нақты міндеттер жүктеді. Сондай-ақ, заң талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етіп, берешектерді өндіру жұмыстарын жандандыру қажеттігін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ аудандық сот төрағасы Дәулетияр Бөрібайұлы аталған бағыттағы жұмыстарды үйлестіріп, мемлекетке берешек қарыздарды өндіру бойынша нақты шаралар қабылдап, әрбір іс бойынша жеке талдау жүргізудің маңыздылығына тоқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/1226687?lang=kk

Жауап қалдыру