
01.07.2026 ж. бастап Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінің талаптарына сәйкес Комитеттің аумақтық департаменттеріне мүгедектігі бар адамдар мен халықтың қимылы шектеулі топтары үшін объектілердің қолжетімділігін растау жөніндегі декларацияны келісу функциясы бекітілу жоспарлануда.
Қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінің нормаларын іске асыру шеңберінде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетімен мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта талаптарына сәйкестік туралы декларацияны келісу мақсатында объектіні бағалау және қорытынды қалыптастыру алгоритмі әзірленді.
Құрылыс кодексінің 135 – бабының 3 тармағы, 2) тармақшасына сәйкес, «Құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актілерін жүргізу мен есепке алу тәртібі: халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділіктің қамтамасыз етілгенін растауының болуы».
Сәйкестік туралы декларация – мердігер (бас мердігер) аяқталған құрылыс объектісі бойынша орындалған жұмыстардың бекітілген құрылыс жобасына және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат.
Қол жетімді орта — бұл мемлекет пен қоғамның өмір сүру сапасы мен әлеуметтік жауапкершілік деңгейінің көрсеткіші. Заманауи нысан денсаулық жағдайына, жасына немесе қозғалыс ерекшеліктеріне қарамастан әр адамға ыңғайлы болуы керек. Бұл заңның талабы ғана емес, сонымен қатар азаматтарды құрметтеу мәселесі.
Руслан Тұңғышбаев
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-shymkent/press/news/details/1226810?lang=kk

Жауап қалдыру