
Бүгін 2026 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына Жітіқара қаласына келді.
Жітіқара қаласына сапары аясында вице-министр өңір тұрғындарымен, үкіметтік емесұйымдар мен жұртшылық өкілдерімен кездесу, сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Кездесу барысында облыстағы экологиялық ахуал, “Элеваторный” карьерінің ашылуының экологиялық тәуекелдері, “Комаров тау-кен кәсіпорны” ЖШС қызметінің теріс әсері, атмосфералық ауа сапасы, қалдықтармен жұмыс істеу, өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсері және экологиялық бақылау мәселелері талқыланды. Тұрғындардың өтініштері бойынша тиісті түсініктемелер берілді.
Кездесу барысында экологиялық мониторинг, өнеркәсіптік шығарындыларды бақылау, үздік қолжетімді технологияларды енгізу және қалдықтарды қайта өңдеу жүйесін дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ экологиялық жүктемені азайту, өндірістік нысандарды жаңғырту, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру және Қостанай облысындағы қоршаған орта сапасын жақсарту мәселелеріне ерекше назараударылды.
Сонымен қатар, вице-министр өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Жұмыс сапары барысында Мансұр Ошурбаев “Комаров тау-кен кәсіпорны” ЖШС, “Қостанай минералдары” АҚ-да болып, кәсіпорынның өндірістік үдерісімен және экологиялық қауіпсіздік шараларымен танысты.
Сапар қорытындысы бойынша өңірдегі экологиялық жағдайды одан әрі жақсарту, кәсіпорындардың экологиялық жауапкершілігін арттыру және табиғатты қорғаудың жүйелі жұмысын жалғастыру жөнінде тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1226898?lang=ru

Жауап қалдыру