Құрбан Айт бойынша брифинг

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыс өңірінде Құрбан айт мерекесін өткізу кезеңіндегі қауіпсіздік шараларына арналған брифингке қатыстым.
Брифингте Құрбан айт мерекесі кезінде санитариялық-гигиеналық талаптардың орындалуын қатаң ескере отырып, жұқпалы аурулардың, тағамнан топтық улану жағдайларының және өзге де санитариялық-эпидемиологиялық қауіптердің орын алуының алдын алу мақсатында сақталуы тиіс негізгі талаптар туралы айтылды.
Сондай-ақ, құрбандық малын арнайы сою орындарында сою, ет өнімдерін қауіпсіз сақтау мен тасымалдау сәттеріне, қоғамдық тамақтану орындары мен үй жағдайында тағам дайындау сәттеріне, сойылатын малдарға, қасапшыларға, қызмет көрсетуші персоналдарға, сонымен қатар тұрғындардың жеке бас гигиенасына қойылатын санитариялық талаптар түсіндіріліп, БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына жауап берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1226642?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді