ШҚО-да «Халық бухгалтері» акциясының қызметін 2 мыңнан астам салық төлеуші пайдаланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Халық бухгалтері» акциясы биылғы жылдың 5 қаңтарынан бастап Өскемен қаласында іске қосылды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) хабарлауынша, акция аясында мамандар қызметіне екі мыңнан астам адам жүгінген.

-Аталған акция кәсіпкерлік субъектілеріне Салық кодексінің нормаларын, арнайы салық режимдеріне көшуге қатысты өтпелі ережелерді, салық және бухгалтерлік есептілікті тапсыру тәртібін, ақпараттық жүйелерді түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.

5 қаңтардан бері акция аясында екі мыңнан астам салық төлеушіге қызмет көрсетіліп, оларға арнайы салық режимдері, өтпелі ережелер, ҚҚС бойынша есепке қою және есептен шығару, мобильді аударымдар, мобильді қосымшалар мен ақпараттық жүйелердің жұмысы, салықтық және бухгалтерлік есептілік, сондай-ақ өзге де мәселелер бойынша кеңес берілді, – деді ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Қазыбек Қойшинов.

Оның айтуынша, тұрғындардың басым бөлігі «Халық бухгалтері» мамандарының жұмысына оң бағасын берген. Сонымен қатар, МКД өкілдері акцияның 30 маусымға дейін жалғасатынын мәлімдеді.

Акция аясында кеңес алу үшін Өскемен қаласы, Назарбаев даңғылы, 86 мекенжайындағы Қызмет көрсету орталығының 3-қабатында орналасқан Өскемен қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінуге болады. Кеңестер аптасына екі рет – сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі.

Дереккөз: ШҚО ӨКҚ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1226351?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді