
Шығыс Қазақстанда полицейлер үздік жас жол инспекторларын анықтады
22 мамырда ШҚО Полиция департаменті Білім басқармасымен бірлесіп Өскемен қаласында жас жол инспекторларының облыстық жарысын өткізді. Ауқымды шараның басты мақсаты — балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу және оқушылардың жол жүру ережелері бойынша білімін арттыру.
Жарысқа Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарынан келген 10 мектеп командасы қатысты.
Қатысушыларға ШҚО ПД ӘПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Игорь Клишин құттықтау сөз сөйледі:
«Өз үлгілеріңізбен сіздер бүгіннің өзінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып келесіздер. Сіздердің арқаларыңызда заң мен тәртіп күзетінде тұратын саналы, жауапты азаматтардың жаңа буыны қалыптасуда».
Жарыс бағдарламасы алты тақырыптық конкурсты қамтыды: «Жас реттеуші», «Жас санитар», «Эрудиттер турнирі», «ЖЖЕ білгірлері», «Топтық таныстыру» және «Велосипедті мәнерлеп жүргізу». Әр кезеңде балалар жол қауіпсіздігі саласындағы үздік теориялық білімдері мен іс-тәжірибелік дағдыларын көрсетті.
Қорытынды нәтижелер барлық нүктелерде жиналған ұпайлардың жалпы сомасы бойынша анықталды. Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Өскемен қаласының Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінің командасы жеңіп алды. Жарыстың күміс жүлдегерлері Глубокое ауданының жас жол инспекторлары атанса, үздік үштікті Алтай ауданының жасағы түйіндеді.
Бұл жарыс жас жол инспекторлары қозғалысының жай ғана сайыс емес, оқу-үйренуге арналған тамаша алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Мұндай шара мектеп оқушыларын жолда тәртіпті, мұқият болуды үйренеді және өз үлгілерімен қатарластарын ереже бұзбауға ынталандырады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1226823?lang=ru

Жауап қалдыру