
Ағымдағы жылдың 19 мамырында аудандық сот судьялары мен сот жүйесі қызметкерлерінің, полиция қызметкерлерінің қатысуымен соттардың операциялық және процестік қызметіндегі сыбайлас жемқорлық алғышарттарын барынша азайту мәселелері тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою стратегияларын талқылап, сот төрелігін жүзеге асыруда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын енгізу мәселелеріне ерекше тоқталды. Оның ішінде істерді автоматты түрде бөлу, сот рәсімдерінің ашықтығы мен есептілігін арттыру, сондай-ақ процестік қызмет барысында адами фактордың әсерін төмендету тетіктері қаралды.
Іс-шара қатысушылары жасанды интеллект пен заманауи цифрлық бақылау құралдарын сот жүйесіне енгізу — заң бұзушылықтардың алдын алудың және азаматтардың сотқа деген сенімін арттырудың ең тиімді жолы екенін алға тартып, бұл тетіктерді күнделікті жұмыста қолдану аясын кеңейту қажеттігін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-aktogay/press/news/details/1226645?lang=ru

Жауап қалдыру