Тәуелсіздік даңғылының Ш. Қалдаяқов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлаймыз.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тәуелсіздік даңғылының Ш. Қалдаяқов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлаймыз.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 22-23 мамыр күндері аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Сонымен қатар, 22 мамыр күні сағат 21:00-ден 23 мамыр күні сағат 08:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылы мен Ш. Қалдаяқов көшесінің қиылысы толық жабылады.

 Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uad/press/news/details/1226896?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді