ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 43 СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс 43 сессиясы қала әкімдігінің мәжіліс залында өтті.
Сессияға қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сарсенбаев, қала әкімінің орынбасарлары Бекбол Аманжол, Мадияр Әліпов, қала әкімінің аппарат басшысы Қуаныш Әлібеков сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттары мен дербес бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Түркістан қаласының аумағында өңірлік нышанды пайдалану тәртібін бекіту;
2. Түркістан қалалық мәслихатының 2025 жылғы 25 сәуірдегі №30/141-VIII «Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу.
Жиын барысында Эльмира Тұңғышбайқызы Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар, Шохан Тоймахан сөз сөйлеп, Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімі жүзеге асырып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды.
Қаралған мәселелер бойынша депутаттар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер бірауыздан қолдау тапты. Сессия қорытындысында қабылданған шешімдердің қала дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға оң ықпал ететіні атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-city/press/news/details/1226833?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді