Ұйымшылдықты арттыруға бағытталған тимбилдинг өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай станциясындағы көліктегі полиция бөлімі қызметкерлері үшін Қостанай қаласындағы триатлон паркі аумағында ұйымшылдықты арттыруға бағытталған тимбилдинг өткізілді. Іс-шараны Қостанай станциясындағы КПб инспектор-психологі, полиция майоры В.В. Осипова ұйымдастырды. Тренингке барлығы 21 қызметкер қатысты.

Ұжымның ұйымшылдығы – бірлескен қызмет барысындағы тұлғааралық қарым-қатынастардың сапасын, ортақ құндылықтар мен мақсаттардың бірлігін айқындайтын маңызды факторлардың бірі. Қызмет барысында қалыптасқан ынтымақтастық, өзара көмек пен сенім ұжымдағы қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалды нығайтады.

Тренинг барысында қатысушылар командалық ойындар мен психологиялық жаттығулар арқылы әріптестік қарым-қатынасты дамытуға, сенім мен өзара түсіністікті арттыруға бағытталған тапсырмалар орындады.

Шара соңында қатысушылар табиғат аясындағы бірлескен демалыс пен тренингтің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, мұндай іс-шаралардың ұжымдық рухты нығайтуға оң әсер ететінін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1226394?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді