
2026 жылғы 21 мамырда Тараз қаласындағы Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Қоғаммен байланыс» акциясы өтті. Іс-шараға Жамбыл облысы Әділет департаментінің қызметкерлері, прокуратура өкілдері, мемлекеттік органдар және қоғамдық белсенділер қатысты.
Акцияның мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңнама талаптарын түсіндіру және азаматтарға құқықтық көмек көрсету.
Сонымен қатар Тараз қаласының прокуратурасы тұрғындармен кері байланыс орнатуға арналған арнайы QR-код жүйесін таныстырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/1226128?lang=ru

Жауап қалдыру