
Сыйлықты алған күннен бастап не сыйлықты алғаны белгілі болған күннен бастап жеті күн ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне алған мемлекеттік қызметшілер немесе өзге де адамдар оларды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға (Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 57 ғимарат, тел.270-392 мекенжайы бойынша орналасқан Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаменті) өтеусіз береді.
Сыйлықты беру туралы өтініште мынадай мәліметтер болуға тиіс:
– Сыйлық тапсырушының Т.А.Ә., лауазымы, жұмыс орны, байланыс деректері, жеке куәлігінің деректері;
– сыйлықтың атауы, оның саны және қысқаша сипаттамасы;
– сыйлықты сатып алуға келісім беру немесе сатып алудан бас тарту туралы ақпарат.
- Сыйлықты беру сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламаны қоса бере отырып, белгіленген нысан бойынша уәкілетті орган жасайтын Мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісіне қол қою арқылы жүргізіледі.
- Сыйлықты уәкілетті органға берген тұлға Жоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, оны уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құн бойынша сатып алуға құқылы.
- Сыйлықты сатып алу уәкілетті орган мен сыйлықты тапсырған адам арасындағы сатып алу-сату шарты бойынша уәкілетті орган сыйлықты алған адамнан хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде жүзеге асырылады.
Тапсырылған сыйлықты беру сатып алу-сату шартында көрсетілген сыйлықтың құны толық төленгеннен кейін уәкілетті орган мен сыйлықты тапсырған адам арасында қабылдау-тапсыру актісіне қол қою арқылы жүргізіледі.
- Сыйлықты тапсырған адам оны сатып алудан жазбаша түрде бас тартқаннан кейін ғана уәкілетті орган сыйлықты үшінші тұлғаларға өткізуге құқылы.
Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады.
Анықтама үшін: «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 472-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес уәкілетті органға сыйлық түріндегі мүлікті толық және (немесе) уақтылы бермегені үшін, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, әкімшілік-құқықтық жауапкершілік көзделген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/1226690?lang=ru

Жауап қалдыру