Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының жанындағы кеңес және алқа мәжілісі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының мәжіліс залында басқарма басшысының жанындағы кезекті кеңес және алқа мәжілісі ұйымдастырылды. Жиынға басқарма басшысы Нұрбек Әбубекұлы, басшының орынбасарлары, білім басқармасының қызметкерлері, аудандық және Тараз қалалық білім бөлімдерінің басшылары, басқармаға қарасты мекемелердің директорлары қатысты.
 
Күн тәртібінде білім беру саласының өзекті мәселелері қаралып, аудандардағы білім ұйымдарының қызметіне жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындылары талқыланды. Алқа мәжілісінде мектепке дейінгі ұйымдарда нормативтік құжаттардың орындалуы, ерекше білімді қажет ететін балаларды үйден оқыту сапасы, білім беру ұйымдары басшыларының жеке іс құжаттарына жүргізілген зерделеу нәтижелері кеңінен қарастырылды.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында педагогикалық назарды қажет ететін оқушыларды мектепішілік есепке алу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрмысы қолайсыз отбасыларындағы балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар сараланды. Полиция бөлімдерімен бірлескен профилактикалық жұмыстардың тиімділігіне де ерекше назар аударылды.
 
Жиында оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамту жағдайы, мектептер мен балабақшалардағы төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары, есірткі мен құмар ойындардың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы да баяндамалар тыңдалды. Сонымен бірге техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы дуалдық оқыту жүйесінің жүзеге асырылу барысы қаралып, колледждерге жүргізілген зерделеу қорытындылары ұсынылды.
Кеңес барысында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы, ҰБТ нәтижелері, мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттауға дайындығы және «Алтын белгі», «Үздік аттестатқа» ұсынылған түлектердің құжаттарына жүргізілген мониторинг нәтижелері талқыланды.
 
Сондай-ақ шағын жинақты мектептердегі оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы, білім бөлімдеріндегі «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің жұмысы, аппараттық-бағдарламалық кешен мен «Әлеуметтік әмиян» жүйесінің жағдайы бойынша жауапты мамандардың есептері тыңдалды.
Жиын қорытындысында білім беру ұйымдарындағы өзекті мәселелерді уақытылы шешу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім сапасын арттыру және профилактикалық жұмыстарды күшейту бағытында нақты тапсырмалар берілді. Басқарма басшылығы барлық білім беру ұйымдарына заңнама талаптарын қатаң сақтап, жүйелі жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bilim/press/news/details/1226030?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді