Жетісу облысында «Есептегі тұлғалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 1100-ден астам есептегі азамат тексерілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысында профилактикалық есепте тұрған азаматтардың мінез-құлқын бақылау және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Есептегі тұлғалар» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Іс-шараның бірнеше күні ішінде полиция қызметкерлері мемлекеттік органдар өкілдерімен, қоғамдық көмекшілермен, волонтерлермен және прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде профилактикалық есепте тұрған 1100-ден астам тұлға тексерілді.

Өткізілген шаралар барысында есептегі тұлғалардың қатысуымен жасалған 20 құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді. Әрбір дерек бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Сонымен қатар, есепте тұрған жекелеген азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету және оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында халықты әлеуметтік қорғау және еңбек органдарына тиісті хаттар жолданды.

Анықталған құқық бұзушылықтардың бірі бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтың белгіленген талаптар мен шектеулерді сақтамауына байланысты оны қайтадан бас бостандығынан айыру орындарына қайтару туралы материал сотқа жолданды.

— Іс-шараның негізгі мақсаты — есептегі тұлғаларды бақылаумен қатар, қайталама қылмыстардың алдын алу, әлеуметтік көмек көрсету және мекенжайлық профилактикалық жұмыстар жүргізу. Осындай рейдтер құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді, — деп атап өтті полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жетісу облысы аумағында жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1226856?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді