1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мектебімізде мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл мереке – түрлі ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқанын көрсететін достық пен татулықтың символы.

Мерекелік кеш барысында оқушылар әр ұлттың мәдениетін дәріптеп, ұлттық әндер айтып, ұлттық билер биледі. Әсем ұлттық киімдер мен әсерлі көріністер көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Шараның басты мақсаты – оқушыларға бірлік, ынтымақ, өзара құрмет пен достықтың маңызын түсіндіру, көпұлтты еліміздің бай мәдениетін насихаттау болды.

🌸 Бірлік пен татулық – елдігіміздің тұғыры!
Баршаңызды 1 Мамыр мерекесімен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilimmai-edu/press/news/details/1226948?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді