
Түркістан қаласында «Адал ата-ана: Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында ата-аналар форумы өтті.
Форумға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, құқық қорғау органдарының өкілдері, ата-аналар комитетінің төрағасы, мектеп директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және ата-аналар қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу, интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлерден қорғау, буллингтің алдын алу және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.
Жиында сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов бала тәрбиесі мен қауіпсіздігі ең алдымен отбасының жауапкершілігі екенін атап өтті. Сонымен қатар, жаз мезгілінде судағы қауіпсіздік талаптарын сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, интернетке тәуелділік, психологиялық күйзеліс және түнгі уақытта балаларды бақылаусыз қалдырмау мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігін жеткізді.
Жиын соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды қоғам болып бірлесе жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1227076?lang=kk

Жауап қалдыру