
Әуезов ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті
Әуезов ауданында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік өтті.
23 мамыр күні 9 шағынаудан аумағында өткен локалды сенбілікке 200-ден астам адам қатысты.
Сенбілік барысында аумақты тазалау, қоқыс шығару және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жұмыстарға 50 адам, 10 бірлік арнайы техника және 200 дана шанц құралы жұмылдырылды. Нәтижесінде 70 м³ қоқыс шығарылды.
Мұндай экологиялық акциялар аудан аумағының санитарлық жағдайын жақсартуға, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға және қоғамдық кеңістіктерді таза ұстауға бағытталған.
Толығырақ: https://www.instagram.com/reel/DYrdxW2NjVD/?igsh=NmNudHFkM2dlNGF3

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1227063?lang=ru

Жауап қалдыру