
Ордабасы ауданында ұлт руханиятының жанашыры, баспагер-журналист, «Жібек жолы» журналының бас редакторы, «Жібек жолы» баспасының президенті Төрекелді Байтасовты еске алуға арналған «Байтасовтың байтақ әлемі» атты тағылымды рухани кеші өтті.
Аудандық өнер мектебінде өткен шараны аудандық орталық кітапхана мен аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығы ұйымдастырды. Кеш барысында қаламгердің қазақ әдебиеті мен журналистикасына қосқан сүбелі еңбегі, азаматтық ұстанымы мен ұлт руханияты жолындағы қызметі кеңінен насихатталды.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Илияс Турнияз сөз сөйлеп, Төрекелді Байтасовтың өнегелі өмір жолы мен елге сіңірген еңбегі жас ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.
Тағылымды кеште қаламгердің анасы мен жақындары естеліктерімен бөлісіп, ақын-жазушылар Төрекелді Байтасовтың шығармашылық жолын тебіреніспен еске алды.
Кеш соңында арнау әндер орындалып, «Періште пейіл Төрекелді» атты бейнебаян көпшілік назарына ұсынылды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1226981?lang=ru

Жауап қалдыру