«Конституция – әділетті қоғамның негізі» дөңгелек үстел

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Жазушылар кітапханасында Қазақстан Республикасы Конституция күніне арналған «Конституция – әділетті қоғамның негізі» атты дөңгелек үстел  отырысы өтті. Дөңгелек үстел барысында модератор  Д.А.Қонаев атындағы Колледж директоры, Amanat партияның Саяси кеңес мүшесі, Әуезов ауданы Әкімінің Қазақ тілі қоғамының өкілі, қоғам қайраткері Булекбаева Райхан Чантовна отырысты ашып қатысушыларды іс-шараның мақсатымен таныстырды. Модератор өз сөзінде Қазақстан Республикасының Конституциясы – ел тәуелсіздігінің тірегі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі екенін атап өтті. Сонымен қатар қоғамдағы заң үстемдігін сақтау мен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Негізгі баяндамамен Д.А. Қонаев атындағы заң колледжінің заң пәндерінің оқытушысы, құқық магистры Еркебаева Айнур Қуатбекқызы сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында еліміздің Ата заңына енгізілетін негізгі өзгерістер мен толықтыруларға жан-жақты тоқталды. Баяндама қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, мазмұнды пікір алмасуға негіз болды.

Ақын-композитор, “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР ақпарат саласының үздігі, журналист Әшірбаев Бекжан өзгертілген бұл құжатты жаңартылған, әділетті қоғам орнатудың кепілі екендігі, елдің болашағы үшін маңызды қадам екенін атап өтті.

«Ардагерлер ұйымы»  РҚБ Әуезов аудандық филиалының төрағасы Б. С. Ибраева,  ауған ардагерлері мен мүгедектерінің “Жауынгер” қоғамдық бірлестігінің орынбасары “Ерлік” үшін медаль иегері А. Жорабаев, Ж. Құнанбай, Б. Маликов, Б. Сандуов, Карабах ардагерлері ұйымының төрағасы Е. Чингисов және Е. Теміргалиев, Б. Тілегенов жаңа Конституцияны қолдап, оның еліміздің болашағы мен егде адамдарға қатысты маңызды нормалары бар екенін айрықша атап өтті. Олар бұл бастаманы қоғамдық тұрақтылықты нығайтудың кепілі деп санайды.

Кітапхана қызметкерлері кітап көрмесіне шолу жасап,  заңды құрметтеу мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру әр азаматтың міндеті екенін,  сонымен қатар жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, конституцияны насихаттау бағытында кітапханалардың атқарып отырған жұмыстарына тоқталып өтті.

Іс-шара барысында сұрақ-жауап бөлімі өткізіліп, қатысушылар өзара еркін пікір алмасты. Модератор талқылауды жүйелі түрде жүргізіп, көтерілген мәселелер бойынша қорытынды пікірлер жасады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1227005?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді