Павлодар облысында прокурорлар «Ертіс Орманы» резерватының өрт қаупі кезеңіне дайындығын тексерді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шарбақты ауданының прокуроры мен мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры «Ертіс Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына шығуды жүзеге асырды.

Тексеру барысында табиғи резерват аумағы қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі тұрғысынан қаралды, материалдық-техникалық база зерттелді, сондай-ақ өртті бастапқы анықтау жүйесінің жұмыс алгоритмі, оның ішінде азаматтық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл мәселелері зерделенді.

Ауа райы жағдайының нашарлауын ескере отырып, өрттердің алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды күшейту және ықтимал өрт шығу қаупі туралы кез келген сигналға жедел әрекет ету ұсынылды.

Сонымен қатар, резерват ұжымымен кездесу өткізіліп, қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау, оларды заңнамада көзделген әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз ету, сондай-ақ туындаған өзге де проблемалық мәселелерге назар аударылды.

Ормандарды молықтыру жұмыстарының тиімділігін арттыруға және осы мәселе бойынша облыс прокуратурасы алқасының қорытындысы негізінде берілген ұсынымдарды сапалы орындауға ерекше көңіл бөлінді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-pavlodar/press/news/details/1227035?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді