
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев өндірістік парк аумағындағы құрылыс жұмыстарының барысын аралап көрді. Аудан басшысы инвесторлар және мердігерлермен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады.
Бүгінде өндірістік аймақта инженерлік инфрақұрылым жүргізу, аумақты абаттандыру және кәсіпкерлік нысандар салу жұмыстары жүйелі жалғасуда.
Жобаның жүзеге асуы ауданның өндірістік әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1227023?lang=ru

Жауап қалдыру