
«Театрдың ғажайып әлемі» фестиваль байқауы
15 мамыр күні облыстық М М Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Театрдың ғажайып әлемі» республикалық фестиваль – байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Байқауға жалпы 22 театр ұжымдары қатысты. Театр байқауы қашықтық форматта ұйымдастырылды. Фестиваль – байқаудың мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің театр шығармашылығын қолдау және дамыту, оны рухани – адамгершілік және эстетикалық тәрбиенің маңызды факторы ретінде қалыптастыру. Қатысушылар жасы 8-17 жас аралығы. Фестиваль-байқауға аудан атынан 4 команда қатысты. Байқау қорытындысы бойынша ауданымыздың театр ұжымдары келесі жүлделі орындармен марапатталды.
«Әдеби-музыкалық композиция» номинациясында 2 орын – Аманкелді Иманов атындағы МЛ «Шабыт» ұжымы, жетекшісі Балкенова Гаухар Жекеновна
«Әдеби-музыкалық композиция» номинациясында 3 орын Малайсары ОМ «Шаншар» ұжымы, жетекшісі Жетыбаева Анар Ахметовна
«Қуыршақ спектакль» номинациясында 3 орын – Аудандық оқушылар үйінің «Театрдың ғажайып әлемі» ұжымы, жетекшісі Досымханова Күлшат Қуанышбекқызы
Арнайы номинация «Образды үздік сомдау» Ақшиман НОМ «Ренессанс» ұжымы иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilimmai-edu/press/news/details/1226971?lang=ru

Жауап қалдыру