Жастар есірткіге қарсы: Абай облысында 300-ге жуық жасөспірім каратэден бақ сынады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысында каратэ киокушинкайдан 300-ге жуық жасөспірімнің қатысуымен облыстық балалар турнирі ұйымдастырылды. Бұл шара тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар жас ұрпаққа денсаулықты сақтау, есірткіге қарсы тұру және құқықтық жауапкершілік туралы түсінік беру мақсатында өткізілді.

👮‍♂️Турнирді ұйымдастыруға Абай облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы белсенді түрде ат салысты. Жарысқа қатысушы балалармен кездескен полиция қызметкерлері спорттың адам өміріндегі маңызы, есірткіден аулақ болудың қажеттілігі және заң алдындағы жауапкершілік туралы кең көлемде әңгімелеп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

👮‍♂️Абай облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Думан Үкіжанов:

“Біз үшін әрбір жасөспірімнің дені сау, білімді және дұрыс өмір салтын ұстануы – басты мақсат. Спорт тек физикалық дамуға ғана емес, сонымен бірге жауапкершілік пен тәртіпке тәрбиелейді. Осы турнир арқылы біз балаларға өз мүмкіндіктерін ашуға және есірткіден аулақ болуға деген қызығушылықтарын арттыруға ниеттіміз.”

✅Турнир барысында қатысушылар түрлі деңгейдегі сайыстарға қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Әрбір қатысушыға естелік сыйлықтар мен сертификаттар тапсырылды.

Полиция қызметкерлері жас спортшыларға:

“Сіздер бүгінгі жарыс арқылы тек медаль жеңіп қана қоймай, өз өміріңізді дұрыс жолға қою жолында алғашқы қадамдарыңызды жасадыңыздар. Есірткіден аулақ болып, спортпен айналысу арқылы өмірде әрқашан табысқа жетесіздер,” – деп жылы лебіздерін білдірді.

Бұл іс-шара облыстағы жасөспірімдерді құқықтық сауаттылыққа, денсаулыққа мән беруге және салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын ауқымды жобалардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, турнир қатысушылары арасындағы достық байланыстардың нығаюына және командалық рухтың артуына септігін тигізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1226930?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді