Астанада тағы 12 оқу орны салынады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында биыл 12 оқу орны салынатыны туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Мектеп салу және балаларымыз үшін жайлы білім беру ортасын қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Бірқатар мектеп пен оқушылар сарайының құрылыс барысымен таныстым.

Жаңа оқу жылы ішінде тағы 12 оқу орнын ашамыз. Мәселен, соңғы жылдары 44 мектеп салдық. Осы шаралар қолданыстағы мектептерге түсетін салмақты едәуір азайтып, қосымша оқушы орындарын ашуға мүмкіндік берді. Әлеуметтік инфрақұрылымға қажеттілік жоғары аудандарға айрықша назар аударып отырмыз.

Сол сияқты 2027 жылға арналған дайындық жұмысы жүріп жатыр: жобалық және қала құрылысына қатысты құжаттамалар әзірлеу ісі қолға алынған. Бас жоспарға сәйкес, 2035 жылға дейін қалада 140-қа жуық жаңа мектеп салу көзделіп отыр.

Сондай-ақ биыл тағы екі Оқушылар сарайы мен алты балабақша ашу жоспарланып отыр. Оқу және білім беру орталықтарының құрылысына жеке инвестициялар да жұмылдырып отыр», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1227136?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді