
А.ж. 18 мамыр күні Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, «Невада-Семей» қозғалысының көшбасшысы Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығы мен Семей ядролық полигонының жабылуына 35 жыл толуына орай «Ядролық қарусыздандыру және қазіргі әлем» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Бұл шараға қатынасқан Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Омбудсменнің Атырау облысы бойынша өкілі Амангелді Абдолов Қызылқоға ауданында орналасқан Тайсойған ядролық полигоны туралы баяндама жасады.
Тайсойған 1949 жылдан әскери полигонға айналып, мұндағы ядролық сынақ 1952 жылы басталған. Ал 1966-1977 жылдар аралығында 24 мәрте ядролық жарылыс жасалған. Жарылыстың жердегі тереңдігі 500 метрге дейін жеткен. Және сол сынақтардың ауыл тұрғындарының өденсаулығына орасан зор зиян келтірген архивтік деректерге тоқталды.
Сонымен қатар Тайсойған ауылдық округінде 2016 жылы сынақтар тоқтатылып, ол жерлер кері қайтарылып, халық игілігіне берілгені айтылды.
Конференция жұмысына Омбудсмен жанындағы “Еркіндік рухы” Жастар комиссиясының Атыраудағы мүшесі Мадина Еркінова қатынасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-atyrau-oblysy/press/news/details/1227098?lang=kk

Жауап қалдыру