
Тельман ауылдық округінде соңғы қоңырау сыңғырлады! 🎉
Білімге, жетістіктерге және жарқын сәттерге толы тағы бір оқу жылы аяқталды 📚✨
Биыл округтегі екі негізгі мектеп — КММ «Антонов негізгі орта мектебі» мен “Алшан негізгі орта мектебінде” 9-сыныпты 19 түлек аяқтады 🎓👏
Бұл — түлектер үшін өмірдегі маңызды кезеңдердің бірі. Алда жаңа мақсаттар, мамандық таңдау және үлкен мүмкіндіктер күтіп тұр 🌟
Ұстаздарға адал еңбегі, сабырлығы мен шәкірт тәрбиесіндегі зор үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз 👩🏫💐 Ата-аналарға қолдауы мен қамқорлығы үшін рақмет ❤️
Құрметті түлектер! Сіздерге сенімділік, сәттілік, армандарыңыздың орындалуын және жарқын болашақ тілейміз! Алдағы өмір жолдарыңыз ашық болып, биік белестерді бағындыра беріңіздер! 🚀✨
Оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз! 🌸

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-telman/press/news/details/1227745?lang=ru

Жауап қалдыру