16-шы халықаралық тау-кен металлургия конгресі – Astana Mining & Metallurgy 2026 (AMM) іс-шарасына шақыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті кәсіпкерлер!

Сіздерді 16-шы халықаралық тау-кен металлургия конгресі – Astana Mining & Metallurgy 2026 (AMM) іс-шарасына қатысуға шақырамыз.

Өтетін күні: 2026 жылғы 11–12 маусым
Өтетін орны: Астана қаласы, Қазақстан

15 жыл бойы AMM Конгресі Қазақстанның тау-кен өндіру және металлургия өнеркәсібі саласындағы негізгі салалық алаң ретінде мемлекеттік құрылым өкілдерін, жетекші тау-кен металлургия компанияларының басшыларын, халықаралық сарапшылар мен технология жеткізушілерін біріктіріп келеді.

Бағдарлама аясында форум, көрме, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, таныстырылым сессиялары, техникалық семинарлар, дөңгелек үстелдер, B2B және G2B кездесулері, сондай-ақ «Алтын Гефест» индустриялық байқауы ұйымдастырылады.

AMM 2026 Конгресінің басты тақырыбы – «Жер қойнауынан зияткерлік шыңдарына дейін: тау-кен металлургия кешенінің болашағы жолындағы жаһандық серіктестік».

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-kasipkerlik/press/news/details/1227679?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді