21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне қала әкімінің “Үкілі қобыз” табыстау салтанатты кеші

Жарияланды:

Автор:

категорияда

⚜️Жезқазған қаласында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай сала мамандарына арналған салтанатты кеш өтіп, қала әкімінің «Үкілі қобыз» сыйлығы табысталды. Мерекелік шараға мәдениет және өнер саласының қызметкерлері, ардагерлер, шығармашылық ұжымдар мен қала қонақтары қатысты.

⚜️Салтанатты жиында қала әкімі Қайрат Абдоллаұлы мәдениет саласы өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтап, олардың өңірдің рухани дамуына қосып жүрген үлесін ерекше атап өтті.

⚜️Кеш барысында мәдениет пен өнер саласының үздік қызметкерлері Ұлытау облысы мен Жезқазған қаласы әкімінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, ұзақ жылдық адал еңбегі үшін арнайы сыйлықтар табысталып, сала ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

⚜️Шараның шарықтау шегі – мәдениет және өнер саласының үздіктеріне арналған «Үкілі қобыз» сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Биылғы байқауда 10 номинация бойынша үздіктер анықталып, әр жеңімпазға арнайы диплом, «Үкілі қобыз» сыйлығы және 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.

⚜️Кештің басты марапаты – «Мәдениет және өнер саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» бас номинациясы танымал әнші, Мәдениет саласының үздігі Ардақ Мұқышевке табысталды. Сыйлық иегеріне арнайы диплом, «Үкілі қобыз» сыйлығы және 1 000 000 теңге қаржылай сыйақы берілді.

⚜️Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасып, Е.Рахмадиев атындағы филармония мен Астана опера академиясы солистері Алтынбек Арыстанбек пен Дильназ Омархан және «Bel canto» инструменталды тобы, сондай-ақ жергілікті әншілер мен көркемөнерпаздар ұжымдары көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

⚜️Мереке құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/culture-zhezkazgan/press/news/details/1227380?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді