
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Абай облысы мәслихатының аппараты, Семей қалалық мәслихаты және «AMANAT» партиясының өкілдері бірлесіп сенбілікке шықты.
Тазалық жұмыстары Подгорная көшесінен басталып, Дулатов көшесіне дейінгі аумақты қамтыды. Қатысушылар көше бойын қоқыстан тазартып, аумақты ретке келтіру жұмыстарына атсалысты.
Өңірде тазалық және абаттандыру шаралары екі айдан бері тұрақты түрде жалғасып келеді. Қала көшелерін, қоғамдық орындар мен аулаларды ретке келтіру жұмыстарына түрлі мекеме өкілдері, еріктілер мен тұрғындар белсенді қатысады.
АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/1227557?lang=ru

Жауап қалдыру