
Аналар күніне орай Маржанбұлақ ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен “Ана – өмір шуағы” атты аналармен кездесу кеші өтті. Тағылымы мол шараға ауылдың ардақты әжелері мен аяулы аналары қатысып, мейірім мен ізгілікке толы әсерлі кештің куәсі болды.
Кеш барысында ананың қоғамдағы орны, отбасы тәрбиесіндегі рөлі, мейірімі мен даналығы жайында кеңінен айтылып, қатысушылар өз өмірлерінен өнегелі әңгімелер өрбітті. Аналарға арналған жүрекжарды өлеңдер оқылып, әсем әндер орындалды. Сонымен қатар ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, отбасы құндылықтары жайлы әжелердің ақыл-кеңестері жас буынға үлкен тағылым сыйлады.
Шара барысында түрлі ойындар ойнатылып, қызықты сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кездесу соңында аналарға ақ тілектер айтылып, мерекелік кеш естелік суретке түсумен аяқталды.
“Ана – өмірдің тірегі, отбасының жүрегі” екендігін ұғындырған бұл кеш көпшілікке ерекше әсер қалдырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-marzhanbulaq/press/news/details/1227860?lang=ru

Жауап қалдыру